Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 30
(1-72)

Оның қасында жануарлардың өте қарапайым, бір-екі саты ғана жетілген сезімдері түкке тұрғысыз емес пе? Араларындағы айырмашылық болса жануар өзіне тән іс-қимылында - кейбір жануардың кейбір мүшесі ғана - жақсы дамиды. Алайда ол даму тек өзіне тән.

Адам жиhаздарға аса бай болуының себебі: ақыл мен сана болғандықтан сезіну мен сезу қабілеттері жақсы дамыған. Қажеттіліктерінің көптігінен сан-алуан сезімдер пайда болған. Сезімталдығы да түрлерге айырылған. Әрі жаратылысы өте күрделі мақсаттарға жетелейтін талап-тілектері бар, әрі о бастан атқаруға тиіс міндеттері болғандықтан мүшелері мен құрал-жабдықтары өте жақсы жетілген.

Сондай-ақ, құлшылықтың барлық түріне икемді жаратылғандықтан, әсемдік атаулыға толы өте бай бейімділік берілген. Міне, осыншама жан дүниесі толы, қолда бар байлық әрине түкке тұрғысыз, өткінші мына дүниелік өмірді үйрену үшін берілмеген. Мұндай жағдайдағы адамның басты міндеті, шексіз мақсаттарға бағытталған міндеттерді атқарып, өзінің бейшаралығы мен әлсіздігін әрі кемшілігін құлдық ұру түрінде жар салу және ауқымды көзқарасымен жаратылыс атаулының тәсбихтерін тамашалай отырып куәгерлік ету, нығметтерден Аллаhтың медетін сезіп шүкір ету сондай-ақ, қоршаған ортаға қарап ондағы Құдайдың құдерітінің мүғжизелеріні көріп одан ғибрет ала толғану болып табылады.

Дыбыс жоқ