Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 48
(1-72)

Бұл оны түңілуден, аласапыраннан құтқарады. Яғни i331 мынаны меңзейді: "Аллаh біреу. Басқа нәрселерге тіленіп шаршама, оларға жалбарынып қарыздар болма, оларға жалтақтап басыңды име, олардың ізіне түсіп әуре болма, олардан қорқып үрейленбе... Өйткені, бүкіл әлемнің сұлтаны біреу. Барлық нәрсенің кілті де, тізгіні де оның қолында. Бәрі оның әмірімен болады. Оны тапсаң, барлық талап-тілектерің орындалып, қарыздар болудан қорқынышты үрейлерден құтыласың".

Үшінші кәлима:

Яғни, мәселен Оның Улухиеті мен салтанатында серігі жоғы анық, "Аллаh" біреу, бірнеше болуы әсте мүмкін емес. Дәл сол сияқты Рубубиетінде де, жаратуында да, ісінде де серігі жоқ. Кейде, сұлтан біреу болады салтанатында да серігі болмайды алайда, басқармасында оның қызметшілері мен серіктері қабылдау кезінде сұлтанның құзырына баршаны кіргізбей "өтінішің болса бізге айт" деп тосқауыл болады. Бірақ, соңы мен бастауы жоқ мәңгіліктің сұлтаны - Аллаhу Тағала, салтанатында серік ұстамайтыны сияқты Рубубиетінде де жәрдемшілерге, серіктерге мұқтаж емес. Оның басқаруынсыз, әмірі мен құдірет-күшінің тысында ешкім де, ешнәрсе де оның ісіне араласа алмайды. Әркім өтінішін тікелей айта алады.

Дыбыс жоқ