Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 50
(1-72)

Оған қоса былай дейді: ынтаң құрып, өліп-өшкен қайғысына ортақ болып, ал түзету болса қолыңнан келмейтін мына әлем, Қадир-ы Рахимнің мүлкі. Мүлікті иесіне тәслім ет, оған тапсыр... жапасын шегудің орнына рахатына бат. Ол Хаким, hәм Рахим. Өз мүлкінде емін-еркін билеп төстейді.

Әлденеден тіксініп, үріккен сәтіңде ИбраhимХаққысияқты:

"Құдайдың жазғанын көреміз -дағы.

Қайғының да бар жақсылық жағы"- деп, терезеден сығала, ішіне кірме.

Бесінші кәлима:

яғни, мадақтау мен дәріптеу, марапаттау мен алғыс айту тек оған тиіс. Демек, ырыстар оның қазынасынан келіп жатыр. Қазына болғанда қандай, сарқылмас қазына. Міне, бұл кәлима былайша сүйінішті хабар береді:

Әй, адам! Ырысым таусылды деп уайымдама! Өйткені, мейірімділік қазынасы сарқылмайды. Ләззәттіңтаусылғанын ойлап, қайғырма. Себебі, ырыс соңсыз мейірімділік қазынасынан келіп жатыр. Ағашы мәңгі болған соң жемісі таусылса да оқасы жоқ, қайтадан жеміс салады емес пе? Ырыстың ләззәтін, ол ләззәттан мың есе тәтті мейірімділіктің ілтипатын шүкір ете ойлау арқылы бірден жүзге арттыруға болады

Дыбыс жоқ