Тек дүниелік түкке тұрғысыз табыстарына қарап, дүниеге келгеніңе өкінбе. Сенің кеме тәріздес денеңнің өмір механизмі Хаий-ы Қаюмның қолында. Ол, шығындарын өтеп, қажетті бөлшектермен қамтамасыз етеді. Өмірдің талай мақсаттары мен нәтижелері бар, олар оған тиесілі. Сен сол кемедегі штурвалда тұрған жауынгерсің. Міндетіңді адал атқар, ақысын ал, көңіліңді жәйла. Сол "өмір" атты кеменің қаншалықты қымбат екенін, мол табыс көзі екенін әрі кеменің иесі қаншалықты Кәрім, Рахим екенін ойла, қуан әрі шүкіршілік ет. Әрі біліп қой; міндетіңді адал атқарсаң әлгі кемеден түскен күллі пайдалар, нәтижелер, бір жағынан сенің амал дәптеріңе жазылады. Сені бақи өмірмен қамтамасыз етіп, мәңгі жасатады.
Жетінші кәлима:
яғни өлімді берген - Ол. Былайынша айтқанда Ол, өмірдегі міндеттен босатады, фәни дүниеден көшіріп, машақаты көп қызметтен азат етеді. Фәни өмірден бақи өмірге апарады. Міне, мына кәлима фәни адамзат пен жын атаулыға былай дейді: