Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 53
(1-72)

"Сендерге сүйінші! Өлім жоқ болу емес, жойылу емес, соншалықты ұсқынсыз жаман нәрсе емес, өшу емес, сөну емес, келмеске кету емес, кездейсоқ емес, босқа жоғалу емес... ол дегеніміз Фаил-ы Хаким-ы Рахим тарапынан келген босату, қоныс аудару, мәңгі бақыт әлемі асыл отан, ата мекенге оралу. Туған-туысқандарының жүзде тоқсан тоғызы жиналған Берзах әлеміне шығатын қауышу есігі.

Сегізінші кәлима:

яғни, бүкіл әлемдегі еріксіз көзтартатын сұлулық, әсемдік, игіліктерден бетер асқан сұлулық, әсемдік әрі игілік иесі және барлық сүйіктілер оның қасында түкке тұрғысыз қалатын, тек сұлулығының бір ғана көлеңкесі жетіп артылатын Ма’буд-ы Ләмязәл, Махбуб-ы Ләязәлдың бастауы мен соңы жоқ мәңгі өмірі бар. Өмір болғанда қандай өмір. Ол өмір аяқталу дегенді білмейді, біту мен өшуден ада, ақаулық пен нұқсандықтардан таза, кемшілік атымен жоқ. Міне, мына кәлима жын атаулыға адамзатқа және барлық саналыларға, әрі махаббаты оянып ғашық болғандарға мынаны хабарлайды:

Дыбыс жоқ