Нақты иманға ие болған да аман қалады. Нақты иманға ие болған адамның көңіліне барып тұрған дінсіз философтың өзі күмән немесе шүбә түсіре алмайды.
Міне, осы ақиқаттарға сүйене отырып, бізге нақты иман дәрісін беретін, иманның қуатын арттырып, мәңгі бақытқа бөлейтін, Құран және иман ақиқаттарына толы шығарманы табандылықпен мұқият оқуды өзімізге өте қажетті деп, әрі борышымыз деп білеміз. Әйтпесе, мына заманда дүниелік және ахиреттік қайғыларға душар болатынымыз анық. Сондықтан, азаттық үшін қасиетті Құранның иман туралы аяттарын түсіндіретін оның құнды тәфсирлеріне ұмтылуымыз керек.
Енді, мұндай шығарма бұл заманда бар ма деген сұрақ туғанын қобалжыған, нұрлы жүздеріңізден байқауға болады.
Рас, мұндай қажеттіліктерімізді қамтамасыз ететін шығарма табу жолында мұқият зерттеу жүргіздік. Ақырында, hәм түркжастарын, hәм күллі мұсылман қауымын және адамзатты тура жолға салатын Құраннан сабақ алған, жетекші бола алатын шығарма тапқандай болдық. Ол, Бәдиүззаман Саид Нұрсидің "Рисалә-и Нұр" атты шығармасы. Бұған біз ғана емес бізбен бірге "Рисалә-и Нүр" арқылы иманын сақтап қалған миллиондаған кісілер куә.