Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 61
(1-72)

Аталған тақырыптар көлемінде бізге жол сілтер шығарма іздеп жүр едік. Ақырында сұранысымызға түпкілікті жауап беретін, өміршең әрі уақытқа сай ұғымды дәріс беретін және ширек ғасырдан бері адамдарға сенімді пайдасын тигізіп келе жатқан діни шығарма "Рисалә-и Нұр" атты еңбекке кезіктік. Жасамақ баяндамамызға иман тақырыбын таңдағанымыз осыдан. Енді шығарманың авторы жәйінда да азғантай мағлүмат берсек дейміз.

Бүгінгі таңда дініміз бен Исламның дұшпандары иманның негіздерін әлсіретіп, оны қүртуды мақсат етіп отыр. Әсіресе, соңғы ширек ғасырда иманның шарттарына күйе жағуға тырысқан қаскөйліктері бұрын-соңды тарихта болмаған, сұмдық дәрежегежетті.

Алайда, өздеріңізге мәлім иманның шарттарының біреуіне күмән келтіру немесе жоққа шығару, діннің ұсақ-түйек мәселелеріне деген немқұрайдылықтан мың есе қауіпті әрі зиянды. Сондықтан да қазір басты міндет; иманды қасаңдықтан құтқарып қуаттандырып, жандандырып, нағыз иманға айналдыру әрі иманның ұлылығын сақтап қалу.

Дыбыс жоқ