Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 59
(1-72)

Сенің өліп-өшіп құмартқан, ғашық болып жанған баянсыз көріктілердегі сүлулықтар сондай-ақ, қоршаған ортадағы сұлулық пен әсемдіктер, Аллаhтың жәмалының көрінісі, яғни оның әсем есімдерінің көркемдігінің көлеңкесі. Жәннәт өзінің күллі сұлулықтармен бірге рақымдылығының көркемділігі. Және барлық құмартулар, махаббаттар, сұлулықтар мен көріктер, Оның махаббатының ұшқындары. Міне осындай бір Ма’буд-ы Ләмязәлдің, Махбуб-ы Ләязәлдің қүзырына барасың. Оның мәңгі бітпейтін қонақасына, яғни жәннәтқа шақырулысың. Олай болса, қабірге кірер кезде жылапсырап емес, күлімсіреп кіріңдер.

Тағы бұл кәлима сүйіншісінде былай дейді:

Әй, адам! "Жойылуға, құрып кетуге, қараңғыға көміліп көрінбей кетуге, шіріп, ыдыраг кетуге, құрт-құмырсқаға жем болуға кетіп барамын" деп қайғырмаңдар. Сендер құрыг кетуге емес мәңгілікке бара жатырсыңдар. Жойылуға емес, мәңгі жасауға кетіп барасыңдар. Қараңғыға емес, нұр әлемі Сахип әрі Мәлікі-і Хақиқи тарапына кетіп барасыңдар. Сұлтан-ы Әзелидің астанасына оралудасыңдар. Көрінгенге жем болуға емес, дара біреудің алдында тынығуға бара жатырсыңдар. Демек, бұл қоштасу емес қауышу, айырылысу емес кездесу.

Дыбыс жоқ