Он бірінші кәлима:
яғни адамдар сынақ алаңы болып табылатын мына дүниеге сауда жасау және қызмет үшін жіберілген. Міне олар саудаларын жасап, жұмыстарын бітіріп, қызметтерін аяқтаған соң, оларды жіберген Халиқ-ы Зүлжәләлына қайтып оралады. Сөйтіп, Мәулә-и Кәрімдеріне қауышатын болады. Яғни, мына фәни алаңнан көшіп мәңгі алаңға Аллаhтың құзырына шығу абыройына бөленеді. Яғни, себептердің аласапыран тосқауылдарынан әрі қараңғы перделерінен құтылып, мәңгілік салтанат сарайларында Рабб-ы Рахимдеріне пердесіз, кедергісіз қауышатын болады. Ол кезде әркім тікелей өзінің Халиқы мен Ма’буды, Раббы мен Сәйіді және Мәлікі кім екенін біліп, адаспай табатын болады. Міне, мына кәлима барлық сүйіншілерден тамаша сүйіншісін былай деп жеткізеді:
Әй, адам! Қайда бара жатқаныңды білесің бе? Қайда бет алдың? "Отыз екінші сөздің" соңында баяндалғандай: "дүниенің мыңжылдық шат-шадыман өмірі, жәннәттің бір сағат өміріне жетпейді. Ал жәннәттің мың жылдық өмірі, бір сағат Аллаhтың жәмалын тамашалауға жетпейді. Міне, осындай бір Жәмил-і Зүлжәләлдың мейірімге толы құшағына, оның аяулы құзырына шығуға барасың.