Қалайша тек қана дүниеге көңіл бөлу - қадірлі бір ләззатты, аянышты бір қасіретке айналдырады? Мәселен: бүл ауылда (яғни Барлада) екі адам бар. Біреуінің жүзден тоқсан тоғыз достары Ыстамбүлға кеткен, тамаша ғүмыр кешуде. Жалғыз біреуі бүл жерде қалған. Ол да сол жаққа бармақшы. Сондықтан да бүл адам Ыстамбүлды аңсайды, сол жерді ойлайды және до- старына қауышуды тілейді. Қай уақытта оған: «сен сол жерге бар» - деп айтылса, қуана-қуана барар. Екінші адамның болса - жүзден тоқсан тоғыздостары бүл жерден кеткен. Бір тобын жоқ болып кеткен, бір тобын - көрінер-көрінбес жерлерге кірген, әрі пүшайман болып кеткен деп ойлайды. Бүл бейшара адам, барлық ол достарының орнына жалғыз бір қонақпен дос болып, жүбаныш тауып, онымен - бүлаянышты фирақтан келген қасіреттердің бетін жапқысы келеді.
Әй, нәпсі! Баста Хабибуллаһ және барлық достарың қабірдің арғы жағында. Бүл жерде қалған бір-екеуі болса - олар да кетіп барады.
Өлімнен шошып, қабірден қорқып, басыңды бүрма! Жігітке үқсап қабірге қара, тыңда - не талап етеді? Еркек сияқты өлімнің бетіне күл, қара - не қалайды? Абайла, ғафил болып екінші адамға үқсама!