Әй, нәпсім! «Заман өзгерген, ғасыр да басқа, барлығы дуниеге берілген, өмірді жақсы көреді, кун көріс дертімен мас» - демегін. Өйткені өлім өзгермейді, фирақ мәңгілікке айналмайды. Адамньщ әлсіздігі, адамның пақырлығы өзгермеуде, бәлкім көбеюде. Адамның жолсапары кесілмеуде, қайта жылдамдық пайда болуда.
Әрі. «мен де барлыгы сияқтымын» - деме. Өйткені барлығы саган қабірдің есігіне дейін-ақ дос болады. Барлығы-мен қайгы-қасіретте бірге болу деген жүбаныш болса - қабірдің аргы жагында өте пайдасыз.
Әрі өзіңді басым бос деп ойлама! Өйткені хикмет көзқарасымен қарасаң, бүл дуние мейманханасында ешбір нәрсені тәртіпсіз, мақсатсыз көре ал-майсың. Қалайша сен тәртіпсіз, мақсатсыз қала аласың? Зілзала сияқты бүл табигат уақигалары - кездей-соқтықтың ойыншыгы емес.
Мәселен: жер бетіне өсімдіктер мен хайуандардың түрлерінен кигіздірілген бір-бірінің үстінде, бір-бірінің ішінде өте тәртіпті және өте әдемі көйлектер - басынан аяғына дейін мақсаттармен, хикметтермен безенді- рілгендерін,