Ақайд және имани үкімдерді қуатты және тұрақты етіп, нығайта түскен және дамытқан тек қана - ғибадат. Ия, егер Алланың әмірлерін орындаудан және тыйғандарынан сақтанудан құралған ғибадат арқылы ар-ұждандық және ақылға байланысты имани үкімдер тәрбиеленбесе және күшейтілмесе - нәтижелері мен әсерлері әлсірейді. Бүл халге Ислам әлемінің қазіргі жағдайы куәгер. Осымен қатар, ғибадат дүние мен Ақырет бақыттарына жетуге себеп болғаны сияқты, мағаш және мағада, яғни дүние мен ақырет істерін тәртіпке келтіруге де себеп, әрі бір адамның және бүкіл адамзаттың жоғарғы дәрежеге жетулеріне де себеп, әрі Жаратушы мен қүл арасын-дағы өте жоғарғы бір қарым-қатынас, абыройлы бір байланыстылық болады.
Ғибадаттың дүние бақытына жетуге себеп болғанына түсініктеме берген ба-ғыттар.