Имани үкімдердің күшейтілуі мен дамуы да - тек қана қайталану арқылы жаңарып отырған ғибадатпен болады.
Екіншісі: ғибадат - ой-пікірлердің Саниғи Әкімге бұрылуы үшін. Құлдың Саниги Әкімге бет бүруы, қүлшылығы мен бойсүнуын нәтиже береді. Қүлшылық пен бойсүну болса - қүлды кәміл тәрбиенің астына алады. Қүлдың тәрбие астына кіруі мен тәртіпке бағы-нуы арқылы - хикметтің сыры тахаққүқ етеді. Хикмет болса, әлем парақтарында жарқыраған өнер нақыштарымен белгілі болады.
Үшіншісі: адам - орталық телефон станциясы сияқты бүкіл жаратылыстың тәртіптері мен заңдарына және Әлемдегі Илаһи заңдардың сәулелеріне бір орталық. Сондықтан адамның ол заңдармен қарым-қатынасы мен байла-нысуы және ол заңдардың етектеріне жабысып, мықтап үстауы қажет: жалпы ортақ жүріс заңын тәмин етсін. Әрі әлемнің қабаттарында айналып жүрген су диірмендерінің әрекеттеріне қарсы келіп, тісті доңғалақтарының астында жаншылмасын. Бүл да тек қана ол әмірлер мен тиылған нәрселерден қүралған ғибадатпен болады.