СӨЗДЕР КŻШŻ | СӨЗДЕР КŻШŻ | 96
(1-112)

Адам - денесі жағынан кішкентай, әлсіз және дәрменсіз болуымен қатар, хайуандардың ішінен таңдалынған жағ-дайда - өте үлы бір рухты өзімен бірге алып жүр, өте үлкен бір қабілеттілік сезіміне ие, шектелмес дәрежеде тілек-қалаулары бар, шексіз көп армандардың иесі, сансыз пікірлері бар, шек қойылмаған шәхуат пен ғазап сияқты қуаттары бар және сондай ғажайып бір жаратылысы бар: барлық түрлер мен әлемдерге мазмүн болып жаратылған.

Міне, бұндай бір адамның ұлы рухын кеңейттірген - ғибадат; қабілеттілік сезімдерін дамытқан - ғи-бадат; тілектерінің жақсысын таңдаған, күнә мен қателерден аулақ еткен - ғи-бадат; армандарын тахаққүқ еттірген - ғибадат; пікірлерін кеңейткен және тәрбиелеген - ғибадат; шәхуат пен ғазап қуаттарының шекарасын белгілеген - ғибадат; сыртқы және рухани мүшелері мен сезімдерін кірлетуші табиғат тоттарын кетірген - ғибадат; адамды тағдырында жазылған кәмілдіктеріне жеткізген - ғибадат; қүл мен Мағбуд арасындағы ең жоғарғы және ең нәзік, жағымды, лайық болған жақындық тек қана - ғи-бадат.

Дыбыс жоқ