Төртіншісі: әмірлерді орындау мен тыйғандарынан сақтану арқылы бір адам - қоғамдық жамағат өмірінде көп мәртебелермен байланыста болады және қарым-қатынас жасайды. Әсіресе, діни үкімдер мен ортақ маслихат жүмыстарындағы бір адам - бір түр үкіміне өтеді. Яғни, өте көп хүқықтар, абыройлар, тәлім-тәрбиелер, түзету жүмыстары сияқты міндеттер бір адамға жүктеледі. Егер ол әмірлерді орындап, тыйғандарынан сақтанған ол адам болмаса, бүл міндеттер түгелдей жойылады.
Бесіншісі: адам - Ислам дінінің арқасында, ғибадатпен алға өрлеу арқылы бүкіл Мүсылмандармен түрақты бір қарым-қатынас орнатады, күшті бір байланыс пен жақындыққа қолы жетеді. Бүлар болса - айрылмас берік бір бауырластыққа, шынайы бір махаббатқа себеп болады. Негізінде қоғамдық жамағат өмірінің дамуы мен өркендеп жетілуіне алғашқы және ең бірінші баспалдақтар - бауырластық пен махаббат.
Ғибадат арқылы бір ғана адамның кәмілдікке жетуіне себеп болғандығы-ның түсініктемесі.