Муқаррабин - Үлкен періштелер тобы. Тақуа және қулдық уру арқылы әулие атанып, Аллаhу Тағаланың назарында аса қадірлі әрі мубарәк алып тулғалар ∙ Жақындағандар.
Нешир-і Суhуф - Төрт кітаптан бурын түскен парақтардың таратылуы.
Наққаш-ы Әзәли - Басы мен соңы болмаған. нақыш, өрнек салушы.
Рабб-ы Кәрим - Аса жомарт, Тәрбиелеп жетілдіруші.
Раббани - Раббыға тән. Аллаhқа тән.
Расул - Пайғамбар. Жаңа бір кітап, жаңа бір шариғатпен бір үмбетке немесе барша адамзатқа Аллаh тарапынан Пайғамбар болып жіберілген тұлға. Кейде Мурсел деп те атайды. Жаңа бір кітап, жаңа заңмен келмей өзінен бұрынғы Расулдың әкелген кітап, заңымен жүрсе оған Нәби дейді ∙ Хабар әкелуші*Елші.
Рахим-и Мутлақ - Нағыз мейірімді.
Рабб-ы Мұтасаррыф - Әр істі өз күшімен жасаушы Раб- Аллаh.
Расул-ы Әкрәм - Пайғамбарымыздың басқа бір сипаты.
Рахмет-и Бақие - Мәңгілік рахмет мейірім иесі.
Рахмет-и Мутлақ - Нағыз мейремділік.
Рахим - Аса қайырымды, рақымы мол, мейрімді.