Зат-ы Ахмеди - Ахмед - Пайғамбарымыздың бір аты.
Зат-ы Хаким-и Хафиз - Әділ қорғаушы. сақтаушы.
Зат-ы Жәмил-і Зүлжәләл - Шексіз үлкен де айбынды.
Зат-ы Уажиб-ул ужуд - Әр уақыт бар болған жоқ болуы мүмкін емес.
Зат-ы Жәмил-і Зүлжәләл - Айбынды да қаhарлы. Аса көркем.
Исма-и Илаhи - Аллаhтық есімдері.
Имтисал - Үю. Айрылмастай болып бірігу. Бір нәрсенің суретіне кіру.
Инает - Жәрдем, жарылқау, медет беру ∙ Маңызды іс шығып онымен шұғылдану.
Ирсал-ы Русул - Елшілер жіберу.
Инзал-ы Кутуб - Кітаптар түсіру.
Истиб’ад - Үзақтастыру. Ақылға сыйғыза алмау.
Ихсан - Игілік, жарылқау, кешіру. Аллаhты көріп тұрғандай ғибадет ету.
Ихна - Мейірім көрсету. Жаны ашу.
Имате - Өлтіру. Жансыз халге келтіру.
Ираде-и Шамиле - Барлық нәрсені жасай алушы күш.
Илм-и мұхит - Барлық нәрсені біліп тұрушы ілім. Аллаhтың сипаты.