ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 141
(1-148)
Хашир рисалесіндегі

Аллаhу Тағаланың сипаттары

жәнә

Сөздік

Алим - Бәрін білуші, Ілімі соңсыз шетсіз.

Алим-и Мутлақ - Сөзсіз барлық нәрсені білуші.

Асфия - Пәк, тақуа әрі кемелдік иесі. Сондай-ақ Пайғамбардың ізбасары болып, оның жолын, мақсатын жандандырып, іске асыруға тырысқан турашыл жандар.

А’ла-иы Иллииін - Аллаhу Тағаланың алдында нағыз игі-жақсылардың, тақуалардың мәртебесі. Жәннәттің ең жоғарғы сатысы.

Әсма-и Кудси - Аллаhу Тағаланың қасиетті, пәк есімдері.

Әхадиет - Барлық нәрселерде Аллаhтың бір екенмігінің көрінді.

Әхли далалет - Иман немесе Ислам дінінен айрылғандар. Азғындар. Құдайдан безгендер.

Әсфәл-і сафилин - Құдайдан безіп, қадірі қалмаған азғындардың ең төменгі сатысы. Жәhәннәмдағы ең төменгі саты.

Дыбыс жоқ