Сондай-ақ, рызыққа мұқтаж барлық тіршілік иелерін аса мейрімімен таңғажайып түрде азықтандырушы және көктем сайын қысқа мерзім ішінде құлпырған сұлулықты көрсетуші Рахмет-и Бақие; Мәңгілік Инает; анық түрде ахиреттің бар екендігін көрсетеді.
Сондай-ақ, бүкіл әлемнің ең жоғарғы дәрежедегі жемісі және Жаратушының ең сүйікті шығармасы, бүкіл әлеммен байланысы өте күшті болған адам баласындағы тұрақты да толассыз "мәңгілікке ғашықтық", "соңсыздықты аңсау" қабілеті, мына өткінші әлемнен кейін мәңгілік әлемі және ахирет үйі мен бақыт сарайының бар екендігін толық дәлелдейтіні сонша, бұл дүниенің рас екендігі сияқты ахиретті де қабылдауға мәжбүр етеді. (Сілтеме)(28) Қасиетті Құранның бізге беретін дәрістерінің ең маңыздысы; Иман-ы бил Ахирет ягни ахиретке иман екен, әрі ондай иман; муншалықты қуатты екен, және ол иманда сондай бір үміт, бір демеу бар. Ол демеу, әрқайсымыздың қарттығымыз жүз мың есе артып кетсе де, ол иманнан пайда болған демеу, оған қарсы төтеп бере алады. Біз яғни қарттар деп, қаpттығымызға қуануымыз керек.