ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 136
(1-148)

Мысалға:

сөзі арқылы былай дейді: Хаширде әркімніқ барлық іс-әрекеті бір параққа жазулы түрде жайып салынады. Бұл мәселе өз бетінше бір ғажап болғандықтан ақылға сыймайды. Алайда, сүренің ишарет еткеніндей, көктем атты хаширде басқа жақтарының мысалдары болғандықтан, бұл сияқты парақтың жайып салыну мысалы ап-ашық. Өйткені, әрбір жеміс ағашы болсын, гүлді өсімдік болсын іс-әрекеттері, атқарар міндеттері бар. Аллаhтың есімдерін қалай көрсетіп отырып мадақтаса, солайша қулшылықтары бар. Міне, олардың осы сияқты барлық іс-әрекеттері өмір баяндарымен қоса барлық дәндеріне, тұқымдарына жазылып келесі көктемде, басқа бір жерде шығатын болады. Көрсеткен бейнесі және суретінің өзіне тән тілімен өте әсем түрде аналықтарының, негіздерінің іс-әрекеттерін баяндағанындай тал, бұтақ, жапырақ, гүл және жемістері арқылы іс-әрекеттері жазылған парақты жайып салады. Міне көз алдымызда мына хикмет толы, әрі муқият сақтау, ұйымдастыру, өсіріп жетілдіру сияқты істерді, әрине Хаким, Хафыз, Мүдеббир, Мүребби, Латиф біреу атқарған. Яғни былай дейді: Басқа жақтарын осымен салыстыр. Күшің болса тереңге сүңгіп мағынасын түсін. Саған көмек ретінде муны да айтайын.

Дыбыс жоқ