└Сендерге осыншама нығмет берген Аллаh, қабірге кіріп алып, қайта түрмайтын жатуға рұқсат бермейді, бос қоя бермейді." Әрі ишаретпен былай дейді: "Өлі ағаштардың тіріліп, жасыл желекке бөленгенін көріп отырсыңдар. Отын секілді сүйектерге жан бітуімен салыстра алмай, ақылға сыйымсыз дейсіндер.
Әрі Жер мен көкті жаратқан Аллаh, оның жемісі болған адамды тірілту және өлтіруге күші жетпей ме? Үлкен ағашты басқарып отырған Аллаh, сол ағаштың жемісіне мән бермей басқаның қолына беруші ме еді? Ағаштың жемісін тәрк ету арқылы оның хикмет толы жаратылысын түкке тұрғысыз, мағынасыз жасауы мүмкін деп ойлайсыңдар ма? Хаширда сендерді тірілтетін Аллаh, құдреті күшті болғаны сондай, бүкіл әлем Оның қол асты әскері болып саналады. Олар әмірін бұлжытпай орындайды. Көктемді жарату, гүл жарату сияқты Оған оп-оңай. Бүкіл хайуанатты жарату, шыбынды жаратқанмен бірдей, қудретіне оңай. Міне Ол; осындай Аллаh. Мұндай күш иесіне: деген ауыр сөзбен құдретін дәрменсіз санап қарсы тұруға болмайды.