Сосын деу арқылы, әрнәрсенің тізгіні мен кілті қолында; күндіз бен тунді, қыс пен жазды кітаптың парақтары секілді оңай ауыстыратын; дүние мен ахиретті екі үй секілді біреуін жауып, екіншісін ашатын; тек бір Қадир-ы Зүлжелал ғана. Олай болса, барлық дәлелдердің қорытындысы ретінде
яғни: қабірден сендерді хаширге әкеліп, ұлы құзырында сұраққа тартатын болады.
Міне, бұл аяттар хаширді қабылдауға ақыл-ойды әзірледі. Жүректі де дайындады. Өйткені, ұқсастарын дүниелік істер арқылы көрсетті. Әрі, кейде ахиреттегі іс әрекетін керемет түрде баяндайтыны сондай, дүниедегі ұқсастарын еске салады. Ондағы мақсаты; ақылға сыйымсыз демесін, жоққа шығармасын дегені. Мәселен:
соңына дейін.. әрі соңына дейін.. әрі Міне, осы сүрелерде қиямет пен хаширдегі ұлы төңкерістерден және Рубубиеттің билігін ерекше түрде баяндайтыны сондай, адам олардың ұқсастарын дүниеде, мысалға: күзде, көктемде көргендіктен жүрекке ұшырып, ақылға сыймайтын әлгі төңкерістерді оңай қабылдайды. Осы үш сүренің қысқаша мағынасына ишареттің өзі өте ұзын болады. Сондықтан тек бір ғана сөзді өрнек ретінде көрсетеміз.