ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 132
(1-148)

Оныншы Сөздің тоғызыншы ақиқатындағы үшінші мысалда айтылғандай; біреу көз алдында бір күнде жаңадан үлкен бір әскер жинап, орда құрса, біреу шығып: └Мына адам, дем алуға тарап кеткен бір түменнің мүшелерін кернейдің дауысымен жинап алып, тәртіпке келтіреді" десе. Әй адам! Сен бұған └сенбеймін" десең, мұндай жоққа шығаруың қаншалықты ақымақтық екенін білесің. Дәл сол сияқты; жоқтан, жаңадан әскер тәріздес жан-жануарлар әлемін, сондай-ақ басқа да тіршілік иелерін әскери бөлім тәрізді денелерін асқан реттілікпен әрі хикметті өлшемдермен әлгі дененің молекулаларын, сезімдерін

"күн фая күн" әмірімен тіркен орналастырып отырған, әр ғасырда, тіпті әр көктемде жер жүзінде жүз мыңдаған қалың әскер тәрізді тіршілік иелерінің түрлерін, тайпаларын жаратқан Зат-ы Қадир-ы Алим; әскери бөлімше тәрізді дененің осыдан бұрын реттеліп бір-бірімен танысып алған негізгі атомдарды, асыл бөлшектерді бір дауыспен, Исрафилдің кернейімен қалай жиналады? деп, айтуға бола ма? Айтылса ақымақтық пен диуаналық болып табылады.

Әрі Құранда, кейде Жәнаб-ы Хақтың ахиреттегі таңғажайып істерін көңілге қондыру үшін, оны көрсету әрі ақылға оны қабыл еттіру үшін, шақыру ретінде дүниедегі ғажап істерін тілге тиек етеді.

Дыбыс жоқ