ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 129
(1-148)

Екінші мәселе: Дененің тірілетініне мысал. Өте үлкен бір шәhарда, көңілді бір кеште, жүз мыңдаған электр шамдары бір ғана орталықтан бейне бір әп-сәтте, көзді ашып жұмғанша болмай жайнап қоя беретіні, жарыққа кенелуі сияқты, жер жүзінде де бір ғана орталықтан жүз миллион шамдарға нұр беруге болады. Аллаhу Тағаланық электр дейтін бір мақұлығы, қонақжәйіндағы қызметшісі, шам шырағы өзінің Жаратушысының тәрбие мен реттік дәрісі арқасында мұндай ерекшеліктерге ие болып жатса, әлбетте электр сияқты мыңдаған нұрлы қызметшілерінен туратын, Илаhи хикметтің тәртіпті заңдарының алақында Хашир-ы Ағзам көзді ашып жумғанша жүзеге асуы әбден мүмкін.

Үшінші мәселе: Денелердің әп-сәтте жаратылуына бір мысал: Көктем маусымында бір неше күн ішінде бүкіл адамзаттан жүз есе көп ағаш атаулының жапырақтары, өткен көктемдегі сияқты кенеттен, әсем түрде жасалулары сондай-ақ, ағаш атаулының барлық гүлдері, жемістері мен жапырақтары қайтадан өткен көктемнің өнімдері тәрізді әні-міні дегенше жаратылулары; әрі сол бір көктемнің бастамасы болып табылатын қыруар дәндер мен тұқымдардың, тамырлардың кенеттен бәрі бірге көктеп өркен жаюлары және тірілулері; әрі сықырлаған сүйектен тұратын аяқта тұрған өлілер сияқты бүкіл ағаштардың жаназалары бір ғана әмірмен, әп-сәтте ╚бағсу бағдәл мәут╩қа ушыраулары, өркен жаюлары; әрі ұсақ жәндіктердің бірі қалмай әсем түрде бәрі тірілулері;

Дыбыс жоқ