Хаширге қатысты бір сүрақ: Құранның көп жерінде hәм деген әмірлер бар. Олар: Хашир-ы Ағзам кенеттен уақытқа тәуелсіз түрде жүзеге асатынын көрсетеді. Саяз ақыл мына шексіз дәреже таңғажайып әрі теңдесі жоқ мәселені толық қабыл етуі үшін демеу ретінде қарапайым бір мысал сұрайды.
Жауап: Хашир кезінде денеге рухтың келіп қонуы, дене қайтадан тірілуі әрі жаралуы бар. Бұл бөлім осы жәйінда баяндамақ.
Бірінші мысал: Рухтың денеге келіп қонуына мысал. Өте тәртіпті бір әскердің сарбаздары тынығу үшін әр тарапқа жайылып кетсе, даусы жер жаратын кернейдің дауысымен жинала қоятыны. Иә, керней тәрізді Исрафилдың суры, әскери кернейден кем түспейтіні сияқты, әбәд тарапында және зәррелер әлемінде түрғанда, әзәл жақтан келген үндеуін естіген, деп жауап берген рухтар; әлбетте әскердегі сарбаздардан мың есе асқан тілалғыш, әрі тәртіпті, бас игіш келеді. Һәм, рухтар ғана емес, тіпті барлық молекулалар Сүбхани әскер мен қол астындағы жауынгерлер екені бұлтартпас айғақтармен "Отызыншы Сөз" растаған болатын.