Сол секілді, Мұхаммедтің (Ғ.С.М) өмірі де өмірден және жаратылыстың рухынан сүзіліп алынған материалдық және мағынауи, өзектердің өзегі. Мұхаммедтің (Ғ.С.М) Пайғамбарлығы да, жаратылыс атаулының сана мен сезімінен және ақылынан сүзіліп алынған ең сафи өзегі.
Мухаммедтің (Ғ.С.М) өмірі өз туындыларының куәлігімен бүкіл жаратылыс атаулының өмірі. Мухаммедтің (Ғ.С.М) Пайғамбарлығы бүкіл жаратылыс атаулының санасы және нұры. Құранның уахиі де, тірі ақиқаттарының куәлігімен, ғаламның тіршілігінің рухы және барлық жаратылыс атаулының ақылы екендігін көрсетеді.
Иә, бұл шын әрі рас. Егер мына әлемнен Мұхаммедтің (Ғ.С.М) пайғамбарлығының нұры шығып қалатын болса, бүкіл жаратылыс атаулы өлім табады. Егер, Құран кететін болса, бүкіл әлем диуанаға айналып, Жер Шары ақыл есін жоғалтады. Санасыз қалған басын басқа бір планетаға соғып тас-талқаны шығады.
hәм, тіршілік, "тағдырға иман" шартымен де қатысты. Көмескі ишареттермен оны растап отырады.