Бүкіл әлемді бір ғана саясымен жарықтандырып, бір ғана көрнісімен барлық Ахирет елін, атомдарымен бірге тіршілік еттірушінің мәңгілік өмір иесі екендігіне куәлік етуде. Һәм, өмір иманның шарттарынан, Періштелерге иман бөлімімен де тығыз байланысты, оған ишарет етіп дәлелдейді. Себебі: Әлемдегі ең маиызды нәтиже өмір екені рас. Ең көп тарап, қадір-қасиетіне қарай нусқалары көбейтіліп отырған және жер жүзі қонақжайын келіп-кетер керуендермен безендірген тіршілік иелері болып табылады. Жер шары, осыншама тіршілік иелері түрлерімен толып, тіршіліктің түрлерін жаңалап және көбейту хикметімен әр уақыт толып, қайта босалуда. Тіпті, түкке тұрғысыз шірік заттардың өзінде көптеген тіршілік иелері пайда болып, микроптар жиынтығына айналуда. Әрі өмірдің сүзіліп алынған ең таза өзегі, сана мен ақыл, нәзік әрі тұрақты жәуhары болған рух; Жер шарында көптеген бейнелерде жаратылуда. Бейне бір Жер шары, өмір мен ақыл және сана мен рух арқылы жанданып безендірілген тәрізді. Әлбетте Жер шарынан да әсем, нәзік, одан да нұрлы, әрі үлкен, әрі маңыздырақ болған аспан денелері мен планеталар; өлі, меңіреу, тіршіліксіз, жансыз болуьшүмкін емес.
Демек аспан әлемін, күндер мен жұлдыздарды безендіріп, жандандырып туратын, о аспан әлемінің жаратылу нәтижесін көрсете алатын, әрі Аллаhтың хабарларына дәлел бола алатын саналы тіршілік иесі және аспан әлеміне лайық түрғындары бар.