Бейне бір, бір жауынгерді қарулармен қамтамасыз етіп, ұқыптылықпен қарап, оған басшылық етіп, ал қалың қол әскерге қарамай қоюы; атомды көріп, Күнді көрмеуі; масаның ызыңын естіп, ал күннің күркірін естімеуі; ақылға сыя ма? Жо-жоқ, олай болуы мүмкін емес.
Шексіз рахмет пен махаббат иесі және аса мейрімді, әрі өз өнерін жақсы көретін, өзін сүйсіндіріп, сондай-ақ өзін сүйгендерді әлдеқайда жақсы көретін Зат-ы Қадир-и Хаким; өзін сүюші әрі сүйкімді, әрі сүйілген, сондай-ақ, Саниына әу бастан құштар тіршілікті; әрі сол тіршіліктің өзі мен ғауhары болып табылатын рухты; мәңгілік өліммен жазалап, өзін сүюші әрі өзі сүйген сүйіктісін ренжітіп, рахметін және махаббатын жоққа шығаруы мүмкін бе? Жо-жоқ мүмкін емес.
Жаратылыс атаулыны сұлулығымен безендіруші └Жемал-ы Мутлақ", бүкіл әлемді сүйсіндіруші └Рахмет-и Мутлақ," ондай жиіркенішті халден, ондай мутлақ зұлымнан мерхаметсіздіктен әлбетте үзақ, мүнеззеh және мұқаддес әрі ада.
Нәтиже: Бұл дүниеде тіршіліктің бар екені рас. Олай болса, адамзаттың ішінде өмірдің сырын түсініп, оны босқа өткізбегендер мәңгілік отанында және Жәннатта, мәңгілік өмірге ие болады.