Өмірдің жиырма тоғыз ерекшелігімен мен негізінің ұлылығын түсіндіруші өмір ағашының мақсаты және ол ағаштың ұлылығына лайық жемісі, ахиреттегі мәңгі өмір. Әйтпесе мына сансыз да жиhаздармен жабдықталушы өмір ағашы, саналылар жайлы әсіресе адамзат жайлы жеміссіз, пайдасыз, ақиқатсыз қалуы. керек. Дене құрылысындағы жиhаздар торғаймен салыстырғанда жиырма есе көп, жаратылыстың және жандылардың ішіндегі ең маңыздысы, ең жоғарғы дәрежедегі жаратылыс иесі адамзат баласы, өмірдегі бақытты болу турғысында торғайдан жиырма есе төмен түсіп ең бақытсыз ең бишара халге түсер еді. Әрі ең қымбат нығыметтердің бірі, ақылдың өзі, өткен шақтың қайғылары мен болашақтың қиыншылықтарын ойлау арқылы әрдайым адам жүрегін жаралап, қынжылтып бір ләззәтке қарсы тоғыз өкініш шығарғандықтан ең қиын бәлеге айналады. Ал бұл болса ақиқатқа қайшы келеді. Демек, бұл дүниедегі өмір, иманның ахиретке иман ету шартын толық дәлелдеуде және әр көктем сайын хаширдің үш жүз мыңнан астам үлгілерінкөрсетуде.Ия, сенің денеңде және бақшаңда, отаныңда өміріңе қажет болған барлық жиhаздарды хикметпен,