Хазіреті Жәбрайыл сияқты адамдармен кездескен Муқаррабин періштелер сол әлемдердің бар екендігін өздері де сол жерде кезгендерін қуатты хабар беруде. Көзімізбен көрмеген Америка құрылығын ол жақтан келгендер арқылы оның бар екенін анық білгеніміз сияқты, жүз теватур қуатында періштелер әкелген ақпараттармен бақи әлемнің, ахирет дүниесінің, жәннәт пен жәhәннәмның бар екендігіне анық түрде иман ету керек. Әрине, солай иман етеміз.
hәм "Жиырма алтыншы сөз" деп аталған └Тағдыр рисалесінде" тағдырға иман шартын дәлелдейтін барлық айғақтар айналып келгенде Хашир мен Нешир-і Суhуфқа әрі ұлы таразы басында амалдардың тартылатынына дәлел болады. Өйткені әр нәрсенің тағдырын көз алдымызда тәртіп пен жүйе таспаларында тіркеп қою, әр тіршілік атаулының өмір жолдарын естерінде, дәндерінде сондай-ақ басқа да сол сияқты тоспаларда тізу және әрбір рух иелерінің, әсіресе адамдардың амал дәптерлерін сақтаулы таспаларға тіркеп, белгілеп қою дегеніңіз, яғни ондай ауқымды тіркеме; тағдыр, хикметті жазу, муқият тіркеме, сақтаулы жазба; тек қана улы сот кезінде жалпыға ортақ сараптау; зерттеу, шешім қабылдау нәтижесінде мәңгілік қурметтеу немесе жазалау мақсатымен жасалады. Әйтпесе ол көлемді де муқият тіркемелер, сақтаулар, мағынасыз, пайдасыз боп қалады. Хикмет пен ақиқатқа керағар. Һәм, хашир болмаса Тағдыр қаламымен жазылған мына └әлем" атты кітаптың барлық хақ мағаналары жойылып қурып кетеді. Булай болуы мумкін емес. Бул ықтимал, булай ойлау, әлемнің бар екенін жоққа шығару сияқты мүмкінсіздік. Тіпті ертегі деуге болады.