ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 115
(1-148)

Халиқ, Рабб-ы Мутасаррафы Хакимнің аталған әділдігі, хикмет пен мейірімділігі, әрі салтанаты орнайды. Мәқгілік иесі Рабтың жоғарыда аталған нағыз достары, ынтық болғандары мәңгі жоқ болудан аман қалу үшін және сол достардың ең улысы, ең ардақтысы бүкіл әлемді риза қылған кісі баға жетпес қызметінің ақысын көру үшін және Сұлтан-ы Сәрмәдидің кемелдігі нұқсандықтан, қудіреті әлсіздіктен, хикметі әжуалықтан, әділдігі зұлымдықтан арылып, даңқы арта беруі үшін, тазару үшін жаза мен сый орны ашылатын болады.

Сонымен Аллаh бар екені рас, әлбетте ахирет бар.

Жоғарыда аталған үш иман шарты, өздерінің дәлелдерімен бірге қалайша хаширге шәhәдет етті, солайша деген иманның шарты да хаширды керектіріп, бақи әлемнің бар екеніне қуатты түрде дәлел болып, шәhәдет етеді.

Періштелердің болмысы сондай-ақ, олардың қулдық міндеттерін дәлелдейтін барлық айғақтар, сансыз оқиғалар мен әңгімелесулер орайлы түрде рухтар әлемінің бар екенін әрі ғайып әлемі, мәңгілік әлемі, ахирет әлемі сондай-ақ келешекте жын мен адам атаулы мақұлықтармен безендірілетін бақыт сарайы жәннәт пен жәhәннәм сияқты әлемдердің бар екенін дәлелдей түседі. Қалай десеңіз, періштелер мына әлемді Аллаhтың рұқсатымен көре де, кіре де алады.

Дыбыс жоқ