ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 114
(1-148)

өздерін иман және тәслім арқылы сүйсіндірген, нағыз адамдық қасиетке ие пайғамбарларды, әулиелер мен асфияларды таңдап, өзіне дос әрі әңгімелеуші етіп, оларды мұғжизелер, тауфиқтармен жарылқап, дұшпандарын сәмауи тоқпақтармен азаптап отырады. Және осы қадірлі де сүйікті достарының ішінен, олардың имамы мақтанышы, ардақты Мұхаммед Ғалейhиссалату Уәссаламды таңдап жер жаhанның қунды бөлігін, адам баласының маңызды бестен бір бөлігін ұзақ ғасырлар бойы оның нұрымен нұрға бөледі. Бейне бір әлем оның үшін жаратылғандай; барлық мақсаттары онымен, оның дінімен, Құранымен сабақтас. Аса қадірлі әрі миллиондаған жылдар бойы жалғаса беретін еңбегінің қызметінің ақысын шексіз заманда алуға тиіс әрі лайық бола тұра ауыр күндер мен машақатты күреспен алпыс үш жыл ғана қып-қысқа бір өмір сүрді. Япырай, ол кісі барлық жолдастарымен, достарымен тірілмеуі әсте мүмкін бе? Жоқ, жоқ еш те мүмкін емес. Қазірдің өзінде тірі болмауы, жансыз болып, мәңгілікке жойылуы мүмкін бе? Астапыраллаh! Құдай сақтасын! Олай болуы мүмкін емес. Иә, бүкіл әлем, әлемніқ ақиқаттары оның тірілуін даулап әлем иесінен өмір сүруін талап етеді... Сондай, жетінші шуақ Аят-үл Кубра деп аталатын еңбегімде, әр қайсысы таудай заңғар отыз үш алып айғақ баяндаған болатынбыз. Былайша: Мына бүкіл әлем бір қолдан шыққан, бірісінің мүлкі. Ол Илаhи кемелдіктің негізі болып табылатын Уахдет пен Әхадиетті ап-ашық түрде көрсетеді. Он сегіз мың әлем Уахдет пен Әхадиет арқылы әлгі Зат-ы Уахидтің тілалғыш нөкерлері, бас иген қызметшілері бейнесіне енеді. Ахиреттің келуі арқылы кемелденуі құлдыраудан, сөзсіз әділдігі әшкерелеп, қатігез зұлымдықтан, толық хикметі бос әбестіктен, асқан мейрімі әжуа ғылып азап беруден, асқан намысқой қудіреті бейшара мүсәпірлікке айналудан аман қалып жоғары қасиетке ие болады. Әлбетте, әрі сөзсіз Аллаhқа иманның жүздеген нүктесінен және жоғарыда аталған ақиқаттардың ықпалымен қиямет қайым болады. Хашир мен нешир болады. Жазаға тарту мен сыйға бөлеу орны турғызылады. Содан жер жиhаннық аталған маңыздылығы мен өзектілігі, адамның мәнісі мен қадірі артады. Жер мен адамнық жаратушысы сымшанын бсінші бөлімі.

Дыбыс жоқ