оның үстіне толассыз мүң муқтажы мен уайым қайғысы бола тұра күш-қуаты мен ерік тысында әп-әйдік Жер жаhан; оның қажетті заттар қоймасы, әр түрлі тағамдар, тиімді әр түрлі нәрселермен көмкерілген бір дүкен бейнесіне енген. Осыларды істеп отырған асқан құдрет пен мол хикмет иесі, мейрімді Мүтасаррыф бар. Ол, адам баласына қарайлап, азықтандырып қалағанын беріп отырады.
Иә, осындай бір Раб, hәм адамды жақсы көреді hәм өзін адамға жақсы көргізеді, hәм мәңгілік иесі hәм бақи әлемдері бар. Һәм атқарған әр ісі әділетті әрі хикмет толы. Һәм мына қысқа фәни тірлікте, мына тар адамзат дүниесіне, мына баянсыз жерге әлгі Хаким-ы Әзәлидің салтанатының айбындылығы, әкімшілігінің соңсыздығы сыймайды. Адамзат арасында әлемнің заңына, әділет пен тәртібіне, тартымды жүзіне керағар үлкен зұлымдықтар, бас көтерулер болып, нығмет беріп мейірлене азық берген мейірбанға қарсы қиянаттар мен қасарысулар, күпірліктер бұл дүниеде жазасыз қалып, қанішер залым рахат өмір сүріп, бишара жәбірленуші, машақаттармен бұл дүниеден көшіп барады. Қанішер залымдар мен үмітсіз мақұлықтар өлген соң тең болып айырмашылық болмауы; әлемде байқалатын асқан әділдікке қайшы құбылыс. Ол оған әсте рұқсат бермейді.
Сондай-ақ әлем иесі, бүкіл әлем ішінен жер жаhанды, одан адамзатты таңдап тым маңызды рол, мән бергені сияқты адамзаттан да Рубубиеттің мақсаттарына сай болған,