Әй, Раб! Осылардың дәріс-тәлімдерінің ақысы мен құрметіне бізге және Рисалә-й Нұр шәкірттеріне толық иман және ақыры қайыр бер. Бізді олардың шапағатына бөле! Амин...
hәм Құранның, тіпті барлық семауи қітаптардың хақ екендігін дәлелдейтін күллі айғақтар, дәлелдер әрі Хабибуллаhтың, тіпті барлық пайғамбарлардың елшіліктерін дәлелдейтін күллі мүғжизелер, бұлтартпас айғақтар, айналып келіп ең маңызды мүддесі болған ахиреттің шындыққа айналуына келіп тіреледі. Сол сияқты Уажибул Ужудтың бар екендігіне, бір екендігіне шәhәдет ететін көптеген дәлелдер мен айғақтар айналып келгенде Рубубиет пен Улухиеттің ең маңызды негізі мен мекені болып табылатын бақыт әлемінің, мәңгілік дүниесінің бар екендігін, ашылатынын дәлелдей түседі. Неге десеңіз төменде баяндалатыны сияқты Зат-ы Уажиб-үл Ужудтың hәм болмысы, hәм толық сыпаттары, сондай-ақ көптеген есімдері hәм Рубубиет, Улухиет, Рахмет, Инает, Хикмет, Азамет сияқты қасиеттері мен істері ахиретсіз болмайтыны, міндетті түрде бақи әлемді қажет қылып, сөзсіз турде жазалау мен сый-сыяпат жері болып табылатын Хашир мен Неширді керек етеді.
Әзәли де Әбәди бір Аллаhтың бар екені рас болса, әлбетте Улухиетінің салтанатының бітпес өзегі болып табылатын ахирет бар.