барлық нұрлы рухтардың иелері Пайғамбарлар және барлық нурланған көңілдердің кутуптары уәлилер мен өткір де нурлы ойлардың қайнар көздері болып табылатын барлық турашылдар сенің сәмәуи парақтарың мен қасиетті кітаптарыңда қайта-қайта берген мыңдаған уәделеріңе, ескертулеріңе сүйене отырып, hәм сенің қудірет, рахмет, инает(жәрдем), хикмет, желал, жемал тәрізді ахиретті қажет қылатын киелі сыпаттарыңа, атқарған істеріңе сондай-ақ сенін Жәләліңнің қол жетпес үстемдігіне, Рубубиетіңнің салтанатына орай сонымен қатар ахиреттің іздері мен оның бар екенін мегзейтін жаңалықтарына, көргендеріне және ғылымеляқын, айнеляқын нанымдары мен имандарына сүйене отырып адамдарға мәңгі бақыт бар екенін сүйіндіре хабарлайды. Тура жолдан тайғандар үшін тозақ, хидает бұйырғандар үшін жұмақ бар екенін хабарымен білдіреді. Таусылмас иман етіп, шәhәдет етуде.
Әй Қадир-ы Хаким! Әй Рахман-ы Рахим! Әй Садықул Үғдил Кәрім! Әй, Иззет пен Азамет әрі Жәлал иесі Каhhар-ы Зүлжәлал!. Мунша сенімді достарыңды, мұншама уәделерінді әрі осыншама сыпат пен құбылыстарыңды өтірікке(бекерге) шығару, жалған ету және Рубубиетінің салтанатының сөзсіз талап-тілектерін жоққа шығарып орындамау әрі өзіңнің сүйіп оларда сені мақұлдап мойынсұну арқылы өздерін соған сүйдірген көптеген адал құлдарыңның ахиретке қатысты дұғаларын,