ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 105
(1-148)

Мәселен:

сияқты отыз-қырық сүрелердің бастауларында анық түрде хашир ақиқатын бүкіл әлемде ең маңызды да нағыз ақиқаттың өзі екенін білдіреді. Сол сияқты басқа аяттары да хашир ақиқатын көптеген дәлелдермен баяндай отырып мойындатады. Апырм-ай, күнімізде бір аяты, бір ишареті көптеген ғылыми болсын, жаратылыс тану саласында болсын ақиқат шашқан бір кітаптың осыншама куәліктері, дауалары хаширдың айдан анық екенін көрсетіп түрғанда, оның өтірік болуы айды жоққа шығару немесе бүкіл әлемді жоққа шығару сияқты ақымақтық емес пе? Жүз есе бекершілік пен жалған болмай ма? Апыр-ай, бір сұлтанның бір ғана ишаратын өтірікке шығармау үшін кейде қалың әскер майданға шығып соғысқандары мәлім.

Дыбыс жоқ