ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 103
(1-148)

Әйтпесе қып-қысқа екі сағаттық жалған жұбайлықтан кейін мәңгілікке қоштасу мен оралмасқа ажырасумен тынатын жубайылық; тым алдамшы, баянсыз да негізсіз болып хайуан секілді өз жынысынан болғаны үшін ғана бірін-бірі сыйлап жан ашырлық етуі мүмкін. Хайуандарда болатындай бас пайдасы, басқа да сезімдер сыйластық пен мейрімділікті басып кетіп дүниеуи жәннат жәhәннамға айналады.

Міне көріп отырсыздар, хаширға нанымның жүздеген нәтижелерінен бірі, адамның қоғамдық өміріне тигізер пайдасы зор. Әрі осы бір ғана пайдасының жүздеген тиімді жақтары мен қыр-сырын жоғарыда аталған төрт дәлелге салып қарайтын болсақ, хаширдың ақиқат екендігі әрі оның жүзеге асуы адамгершілік деген ұлы ақиқатпен уштасып жатқандығы айдан анық мәселе. Адам ағзасының ашығуы тағамның бар екендігіне бұлтарпас айғақ болатыны сияқты хаширдіқ де жүзеге асуы, анық. Егер хашир ақиқатының нәтижелері адамзаттан жырақ қалатын болса, өте маңызды әрі күрделі, жоғары әрі өміршең адамгершілік микроб торбасына, сасық қоқысқа айналып құлдырап кетер еді.

Адамзатты басқарма және мінез-құлық, әлеуметтік өмірмен тікелей қатысты социологтар, саясатшылар, эстетика-этика мамандарының құлақтары шуласын. Келсін... мына бос жерді немен толтырар екен? Осы бір терең жараны емдей алар ма екен?

Дыбыс жоқ