Үшіншісі: адамзаттық қоғамда маңызды рол атқаратын жастар, бойындағы алып ұшқан сезімдерін кейде асыра сілтеп жіберетін нәпсі мен әуестіктерін жөнге салып, зұлымдық пен қиратудан тежеп, қоғамдық өмірді реттеп отыратын тек жәhәннам үғымы. Әйтпесе яғни жәhәннамнан қорықпаса └үкім жеңімпаздың қолында" қағидасы орнап мас жастар әуестікке салынып бишара әлсіздер мен нәзіктерге дүниені жәhәннам ал, жоғары адамгершілікті азғын хайуандыққа айналдырар еді.
Төртіншісі: Қоғамда ұйымшыл орталық, негізгі күш пен дүниеуи жәннат, бір баспана әрі қорған -әр адамның от басы. Әркімнің отбасы оның өзіндік дүниесі. Оның тұрмыс тіршілігі мен бақыты; адалдық, сыйластық, мейірбандық, жанкештілік сияқты қасиеттер арқылы болады. Ал шынайы сыйластық мейірбандық болса, мәңгі жалғасатын ынтымақ, достық, соңсыз жолдастық, өшпес серіктік сондай-ақ мәңгі өмірде бір-бірімен әкелік болсын, перзенттік, ағайындық, жұбайылық болсын қарым-қатынас жалғаса бермек деген ұғыммен, зор сеніммен іске асады. Мәселен; "Мына жұбайым о дүниеде мәңгі өмірде айрылмас серігім. Әзірге қартайып жүзінен көркі тайса да оқасы жоқ. Өйткені қайтіп оралатын мәңгі көркі бар. Осындай мәңгі жұбайылықтың қурметіне қандай да болсын жанкештілікті, мейрімділікті жасаймын." деп әлгі мосқылдау зайыбына сұлу хор қызындай қарап махаббаты мен жан ашырлығы арта түседі.