ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 104
(1-148)

ЕКІНШІНҮКТЕ.

Хаширдың шындық екендігіне шексіз айғақтар бар. Оны басқа иман шарттары қалай дәлелдейді, соны бір күрделі де қысқаша түрде баяндаймыз.

Хазіреті Мухаммед Ғалейhиссалату Уәссаламның елшілігін дәлелдейтін барлық мугжизелер және пайғамбарлығы мен оның ақиқаттығын дәлелдейтін өрнектер, айғақтар, бәрі біріге отырып хаширдың хақ әрі міндетті түрде болатындығына шәhәдет етіп дәлелдей түседі. Өйткені оның өмір бойы күресіп ұмтылған дауасы уахданиет болатын болса, одан кейінгі дауасы хаширге келіп тіреледі. Және барлық пайғамбарларды мойындаған да мойындатқан мұғжизелері, айғақтары сол бір ақиқатқа қайта келіп тіреледі. Һәм кәлимесінен тұратын шәhәдетті толықтырып, анықтай түсетін шәhәдеті де сол бір ақиқатты дәлелдей түседі. Былайша: Әуелі Қасиетті Қуранның хақ екендігін дәлелдейтін барлық мұғжизелері мен айғақтары, ақиқаттары бәрі бірлесе отырып хаширдың болатынын дәлелдеп, анықтай түседі дедік қой, енді соған тоқталып өтейік. Қасиетті Құранға зер салып қарайтын болсақ оның үштен бірі хашир болып келеді. Көптеген қысқа сүрелердін бас жағындағы аяттар хашир аяттары. Кейде ашық кейде астарлап мыңдаған аяттар сол бір ақиқатты білдіреді әрі дәлелдепбереді.

Дыбыс жоқ