Ал, әлгі тым салмақты да намысты Сұлтанның мыңнан аса сөздері мен уәделері, сондай-ақ ескертулері өтірік, бекершілік болуы әсте мүмкін бе? Ақиқат болмауы мүмкін бе? Он үш ғасыр үздіксіз сансыз рухтарға, саналарға, көңілдерге, жандарға хақпен, ақиқатпен үкім еткен, тәрбиелеп, билеп басқарған осы бір мағынауи аса абыройлы Сұлтанның бір ғана ишареті әлгіндей ақиқатты толық дәлелдеуге жеткілікті бола тура оның үстіне мыңдаған анықтамалар жасап хашир ақиқатын көрсетіп дәлелдегеннен кейін, оны мойындамаған бір қараңғы ақымақ үшін жәhәннәмнің зор азабы қажеті болмай ма? Әрі тым әділетті іс емес пе? Сондай-ақ, өз заманын, дәуірін басқарған барлық семауи парақтар мен қасиетті кітаптар болашақ пен өткенді яғни барлық заманға үкім ететін Құранның дәлелдермен, анықтамалармен, түсініктемелермен баяндаған хашир ақиқатын ғасырына, заманына сай түрде қабылдай отырып ашық түрде емес мухтасар түрде баяндап келген. Алайда олар да бұлтартпас айғақ болып табылады. Демек, оларда Құранның дауасын мыңдаған ишареттермен қуаттап отыр.
Тақырыбымызға орай Рисалә-й Нұр Мінәжәт рисаләсінің соңында: