талаптарын тыңдамай кері қайтару сондай-ақ өздерінің күпірімен, бас көтерулерімен сенің уәдеңді бекерге шығарып азамет пен үстемдігіңе тіл тигізген, әрі Жәлалыңның абыройыңа, Улухиетіңнің қажеттілігін таптап, Рубубиетіңнің мейірімділігін ренжіткен азғындарды, діннен безгендерді жақтап, хашир жоқ дегендерін мақұлдаудан аулақ, мың есе ада, шексіз пәк әрі үстемсің. Мұндай шексіз қатігездіктен, тым жиіркенішті қасиеттен сенің өте әділеттігің, шексіз Жәмалың мен соңсыз Рахметің тым ұзақ деп білеміз.
Сенің жүз мыңдаған сенімді елшілерің және көптеген салтанатыңның турашыл жаршылары болатын пайғамбарлар, асқан әулиелерін хаққаляқын, ғылмеляқын түрінде сенің ахиреттегі мейірімділік қазыналарыңа, мәңгілік әлемдегі жарылқауларыңның қазына қоймаларына, бақыт әлемінде толық түрде көрінетін есімдеріңнің таңғажайып сүлу көріністері шәhәдеттері хақ әрі ақиқат. Сондай-ақ ишареттері дұрыс әрі орынды. Әрі сүйіншілері дурыс екеніне жан тәнімізбен иман етеміз. Олар ақиқат атаулының бастауы өзегі болып табылатын Хақ есімінің үлкен шуағы. Осы бір Хашир мәселесі үлкен ақиқат екеніне иман ете отырып, сенің әміріңмен құлдарға хақ дәрісін беруде. Әрі нағыз ақиқатты тәлім беруде.