hәм жер шарымыз; қыруар мақулықтардың үйі, жүз мыңдаған түрлі тіршілік иелері мен жан-жануарлардың сан құбылған баспанасы, фабрикасы, көрмесі, маhшәрі болғандықтан, бұл әлемнің жүрегі, орталығы өзегі әрі нәтижесі, жаратылу себебі болып өте маңызды ролі бар. Өзінің кішкене болмысымен тұрмай алып аспанмен тайталасады. Сәмауи әмірлерде әрдайым رَبُّ السَّموَاتِ وَ اْلاَرْضِ дейді. Сондай-ақ, осы аталған жер шарының әр тарапына үкім еткен, көптеген мақулықтарға билік жүргізген, тіршілік иелерінің көпшілігін бағындырып өзінің айналасына жинаттырған, көптеген туындыларын өзінің қалауына қарай, қажеттілігіне орай реттеп, көркейтіп, жайнатып, таңғажайыптарын кейбір жерлерге жинап безендіріп қойған, безендіргені сондай тек адам мен жын атаулының ғана назарын емес, тіпті аспан тұрғындарының бүкіл әлемнің назарын аударып таңқалдырған және бүкіл әлем иесінің көңілінен шығып маңыздылығы мен қадірі артқан осылайша әлемнің жаратылыс хикметі, зор нәтижесі, құнды жемісі, жер жиhанның халифасы екендігін білімімен, өнерімен дәлелдеген әрі дүниелік жағынан қарағанда әлемнің ұстасының мүғжизелі туындыларын өте жақсы таныстырып, реттегені үшін алайда қасарысқандық және күпірлігімен бірге дүниеге жіберілген, жазасы болса кейінге қалдырылып атқарған қызметі үшін кешіріліп табысқа жеткен адам дейтін тірі жан бар.
Осындай күрделі де қызық адам жаратылысы өзінің мінез-құлқы жаратылыс жағынан тым әлсіз әрі бишара өте мүсәпір де пақыр,