Сондай-ақ жер бетіндегі жылтырақ нәрселер, Күннің сәулесімен жарқыраулары және теңіздердің бетіндегі көпіршіктердің күн сәулесімен жарқырап қайта сөнулері және екінші бір көпіршіктің күнге айналық жасауы, күннің бейнесін сан-алуан тілде жариялап, өзінде көрсетуі, Күннің бар екендігін дәлелдейді.
Дәл сол сияқты; Зат-ы Хаий-ы Қайюмның └Мухи" есімінің ұлы көрністері жер жүзі мен теңіздердегі тіршілік иесінің Аллаhтың құдретімен жарқырап көрініп, өзінен кейінгілерге жер беру үшін └Я Хай"-деп, ғайып пердесі артына жасырынулары, мәңгілік өмір иесі болған Заты-ы Хай-ы Қайюмның өміріне және Ужуб-ы Ужудына ишарет етіп куә болуда. Барлық жаратылыстың бойында туындысы көрінген, Аллаhтың іліміне куә болушы барлық дәлелдер және жаратылысты билеп тұрған құдіретті көрсетіп тұрған хабарлар, бүкіл әлемдерді басқаруда әмірші болған әмірді дәлелдеуші барлық дәлелдер және кәлам-ы Раббани мен уахи-и Илаhидің қайнар көзі болған елшіліктерді дәлелдейтін барлық ғаламаттар, мүғжизелер тағы сол сияқтылар... Аллаhтың жеті сыпаттарын дәлелдеуші барлық дәлелдер, Заты Хаий-ы Қайюмның тірі екеніне бір ауыздан куә болуда. Себебі: Бір нәрсенің көру қабілеті болса өмірінің де бар болғаны. Ести алатын болса өмірдің нышаны. Сөйлей алатын болса өмірінің де бар екендігіне дәлел. Еркі мен күші болатын болса өмірінің де болғанын көрсетеді. Дәл сол сияқты: мына әлемдегі туындыларымен өзінің бар екендігін анық көрсетіп отырған Құдрет-і Мутлақа және Ираде-и Шамиле, Илм-и Мухит секілді сыпаттар; барлық дәлелдерімен Зат-ы Хаий-ы Қайюмның өміріне және Ужуб-ы Ужудына куәлік етеді.