Олар да періштелер. Әрі өмірдің ішкі сыры, иманның Пайғамбарларға иман бөлімін дәлелдейді. Иә, барлық жаратылыстың өмір үшін жаратылғандығы рас. Әрі өмір; Хаий-ы Қайюм-ы Әзелидің сәулесі. Кемелділігінің нақыш оюы, бір сұлулық өнері. Мәңгілік өмір пайғамбарлар жіберлуі және кітаптар түсірілуі арқылы өзін көрсетуде. Иә, егер Пайғамбарлар мен кітаптар болмағанда мәңгілік өмір біліне алмас еді. Бір адамның сөйлеуі арқылы оның тірі екендігі дәлелденеді. Дәл сол секілді,жаратылыстың әлем-і ғайып пердесінің арғы жағында, әрі сөйлеп, әрі өмір беріп отырған Аллаhтың кемелділігін; пайғамбарлар мен түскен кітаптар дәлелдейді. Әлбетте бүкіл әлемдегі тіршілік; Хаий-ы Әзелидің Ужуб-ы Ужудына нақты дәлел болғанындай-ақ, мәңгілік өмірдің сәулесі ретінде болған "Ирсал-ы Русул" және └Инзал-ы Күтуб" шарттарына дәлел бола алады. Әсіресе Мұхаммед (С.Ғ.С.) Пайғамбарлығы және Құранның уахи арқылы түсуі, өмірдің рухы мен санасы болғандықтан, мына өмірдің рас екендігі сияқты, олардың да хақ екендігі рас.
Иә, Өмір; Жаратылыстан сүзіліп алынған бір өзек және сана мен сезім де өмірден сүзіліп алынған өмірдің өзегі. Ақыл да сана мен сезімнен сүзіліп алынған, сананың өзегі. Рух та өмірдің таза да саф жәуhары және тұрақты мүлкі.