ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 126
(1-148)

Өйткені, тіршілік дегеніміз; шәhәдәт әлемінің нұры, әрі оны түгел қамтып тұрады. Сондай-ақ, болмыстың нәтижесі, мақсаты әрі Жаратқан Аллаhтың өте ауқымды айнасы және Раббани іс-қимылдың керемет өрнегі мен мазмұны (тәмсілде қате болмасын). Бейне бір бағдарламасы тәрізді. Әлбетте ғайып әлемі яғни мази мен мүстақбәл, яғни өткен шақ пен болашақтағы мақұлықтардың мағынауи тіршілігі болып табылатын интизам, низам, мағлумиет, мәшhудиет, тағаиюн, және тәкуин әміріне мойысұнуға дайын күйлерде болуларын тіршілік сыры қажет қылады. Мәселен, бір ағаштың негізгі тұқымы мен тамыры және ақырындағы, жемістеріндегі дәндері; дәл ағаш тәрізді тіршіліктің бір түріне ие. Тіпті онда, ағаштың тіршілік шарттарынан әлдеқайда нәзік тіршілік шарттары бар.

hәм, мәселен, осы көктемнің алдындағы күзден қалған тұқымдар мен тамырлар; осы көктем өткеннен кейін келесі көктемге қалдыратын тұқымдар мен тамырлар; осы көктем сияқты тіршіліктің ұшқындарына бөленген әрі тіршілік шарттарына тәуелді болады. Дәл сол сияқты: Әлем атты ағаштың барлық тал-бұтақтарынық әрқайсысының өткені мен болашағы бар. Өткен және келешек күйлерден, жағдайлардан құралған бір өзіндік тізбегі бар.Аллаhтың ілімінде әр түр мен әр нәрсенің сан-алуан күйлері мен тұлғалары іліми болмыс тібегін құрайды, әрі дене тәрізді ғылыми болмыс та ортақ тіршіліктің мағынауи шуағына бөленеді. Осылайша тіршілік тағдыры әлгі әсем де тірі Тағдыр таспаларынан алынады.

Дыбыс жоқ