ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 120
(1-148)

рахметімен жаратып уақытылы саған жеткізіп отырушы, тіпті сеніқ асқазаныңның өмір сүру үшін жасаған дұғасын біліп, естуші және сансыз тәтті нығметтермен сенің асқазаныңның дұғасының қабыл болғандығын көрсетіп, асқазаныңды қуанышқа бөлеуші бір Мутасаррыф-ы Қадирдық, сені білмеуі, көрмеуі және адамзат баласының ең үлкен мақсаты болған мәңгілік өмірге қажетті себептерді жаратпауы мүмкін бе? Жо-жоқ олай болуы әсте мүмкін емес. Әрі адам баласының ең үлкен, өте маңызды, өте лайық және ортақ болған мәқгілікті талап ету дұғасын, ахирет тіршілігін қуру және жәннатты жарату арқылы қабыл етпеуі мүмкін бе? Әрі ғаламның ең көрнекті мақұлығы, тіпті жер бетініқ сүлтаны әрі нәтижесі болған адам баласынын жер мен көкті күркіреткен, ортақ әрі өте қуатты дұғасын естімей, кішкентай бір асқазан құрлы мән бермей, рыза қылмауы әсте мүмкін бе? Асқан даналығы мен соңсыз мейрімділігін жоққа шығаруы мүмкін бе? Жо-жоқ, жүз мың мәрте жоқ!...Өмірдің ең төменгі сатысындағылардың нәзік әрі сыбырлаған дауыстарын естіп, олардың дертін тыңдап, дерман беріп, назын тыңдап өте жоғары кемелділікпен қарап отырып асырап, оларға үлкен жаратылыстарды қызметші етіп, ең үлкен, ең қымбат тіршілік иесінің найзағайдың күркірі сияқты даусын естімеуі мүмкін бе? Оның өте маңызды болған мәңгілік жайлы дұғасына назар аудармауы мүмкін бе?

Дыбыс жоқ