ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 130
(1-148)

әрі шыбын шіркей тайпасының хаширлері, әсіресе әрдайым жүзін, көзін, қанатын тазалай отырып бізге дәрет алуды, тазалық сақтауды еске салатын және бетімізді аймалап тұратын көз алдымдағы тайпаның бір жыл ішінде жаратылған саны, адамзаттың Адам атадан бері келіп кеткен адамдардын санынан көп бола тура, көктем сайын басқа түрлер мен бірге бір неше күнде тірілулері мен жаратылулары яғни хаширлері; әлбетте қиямет қайымдағы адам денелерінің жаратылуына бір ғана мысал емес, мыңдаған мысал ретінде.

Рас, дүние хикмет жері. Ахирет құдірет жері. Сондықтан, дүниеде Хаким, Мүреттиб, Мүдеббир секілді көптеген есімдердің қажет етуімен дененің жаратылуы бір шама, ауық-ауық, әрі уақытқа тәуелді болуы, Раббани хикметтің талабы болып отыр. Ал, ахиретте болса, хикметтен гөрі құдрет пен рахмет көрінгені үшін материя мен мерзімге, уақыт пен мекенге қарамастан заттың жаратылысы бірден іске асады. Бұл жерде бір күнде, бір жылда жасалған істер, ахиретте әп-сәтте көзді ашып жұмғанша болатынына ишарет түрінде Құран-ы Мүғжизәл Баян деп бұйырады.

Дыбыс жоқ