Әхли кәшф - Жабулы болған және сыртқы мүшелер мен білінбейтін ақиқаттарды Аллаhтың жарылқауы, сыйлауымен білетін уәлилер.
Басир - Көруші. Батлық нәрсені көруші.
Бақи - Соңсыздық иесі. Ғасыр-ы Сағаадет - Пайғамбарымыздың өмір сүрген ғасыры.
Ғарыш-ы Ағзам - Ғарыштың ең жоғарғы сатысы. Дар-үс Салам - Жәннәттің екінші қабаты ∙ Жәннәт. Амандық жері.
Есім-і Ағзам - Аллаhу Тағаланың Құран мен Хадистерде аталған аттарының мағынасын қамтитын есім. Аллаhтың ең үлкен есімі.
Жәнаб-ы Хақ - Шексіз алып. Құрметке лайық.
Жәләл - Аса үлкен айбынды. Жуд-Асажомарт.
Жемал-и Мутлақ - Нағыз сұлу. Сөзсіз көркем.
Жамал-і Муқаддис - Таза, пәк, нұқсандықтан ада. Аса сұлу, көркем.
Зат-ы Қадир - Барлық нәрсеге құдіреті жетуші.
Зат-ы Хаким - Әділетті. Ешкімді араластырмай билік жүргізуші.
Зат-ы Зүлжәләл - Шексіз үлкен, қай жағынан болса да шексіз құдіреті мен алыптығы ақылға сыймайтын, құрметке лайық.