ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 67
(1-148)

Өйткені алма сол жерде жасалады. Бір алманы жаратқан , бір көктемді де жарата алады. Бір алма бір ағаштың тіпті бір баудың керек десеңіз бүкіл әлемнің кішірейтілген үлгісі. Һәм шеберлік жағынан зәулім ағаштың өмір баянын толық қамтитын дәні онда болғандықтан таңғажайып өнер туындысы болғаны сондай, оны солай жаратқан; еш нәрседен тайынбайды, дәрменсіздік атауымен жоқ. Сол сияқты бүгінді жаратқан , қияметті де жарата алады, және көктемді жарата алатын күшке ие. Өткен шақтағы элемдерді уақыт дейтін таспаға хикметті де жүйелі түрде асып көрсеткен; әлбетте болашақтың таспасына да басқа әлемдерді асып көрсете алады әрі көрсететін болады. "Сөздер"де әсіресе "Жиырма алтыншы алтыншы Сөз"де қанағатты түрде расталған болатын.

"Барлық нәрсені жарата алмаған, еш нәрсені жарата алмайды және бір ғана нәрсені жаратқан, барлықнәрсені жарата алады. Сондай-ак,, дененің жаратылуы жалғыз бірісіне жүктелсе, барлық нәрсе бір нәрсе сияқты оңай болады, оңайға түседі. Егер көптеген себептерге жүктелсе онда бір ғана нәрсенің жаратылысы барлық нәрсенің жаратылысы сияқты мүшкіл әрі шығар жолы жоқ, қиын соғады.

Дыбыс жоқ