Ия, мына ғаламатты басқарып отырған Ол әр нәрсені ретпен өлшеммен сақтап қояды. Жүйе мен өлшем болса Ғылым мен хикмет, ерік пен қудіреттің көрінісі. Неге десеңіз, әрбір жаратылыстың пішіні, болмысы өте тыянақты өлшемді жаратылуда. Сондай-ақ өмір бойы ауыстырып отыратын пішіндері де, жүйелі түрде, әрі оның үстіне жалпы алып қарағанда да бір жүйеге тәуелді екенін көреміз. Қалай десеңіз, міндеті аяқталып өмірі өшірілген және мына шәhәдет әлемінен көшіп кеткен нәрселерге көз салайық, Хафиз-ы Зүлжәлал бірнеше пішімдерін сақтау қоры тәріздес (Сілтеме)(20) еске сақтауда ие бір түрлі тектестерде жаттап, өмірбаянының басты көпшілігін дәндерінде, жемістерінде нақыштап жазуда. Ішкі сыртқы, яғни көзге көрінетін, әрі көрінбейтін айналарда мәңгілік сыйлауда. Мәселен: Адамның есі, ағаштың жемісі, жемістің дәні, бәйшешектің тұқымы Хафизиет заңының кең көлемді, әрі ауқымды екендігін көрсетеді. Әп-әйдік көктемнің гүл-гүл жайнаған, жеміс-жидектерінің өзіне тиісті іс-амал парақтары мен өсіп-өнуінің заңдары, сондай-ақ пішіндерінің үлгілері шектеулі кіп-кішкене дәндердің ішіне жазып, сақтап қойылып жатқанын көріп отырсың. Келесі көктемде, соған қарай есебін ашып амал парақтарын жойып, өте жүйелі әрі хикметті түрде басқа бір әйдік көктем маусымын әкелу арқылы Хафизиет қаншалықты қуатты ауқымды іс атқарғанын көрсетеді. Апырмай, өткінші қарапайым, баянсыз, түкке тұрғысыз жәй нәрселер осыншама муқият сақталатын болса ғайып әлемінде, ахирет әлемінде, рухтар әлемінде Рубубиеті аммеде маңызды жеміс беретін адамзаттың іс-қимылдары, амалдары сақталып бақылауға алынбауы өте муқиятты түрде тіркелмеуі әсте мүмкін бе? Жо-жоқ мүмкін емес.
--------------------------------------------------(20) (Сілтеме): Жетінші суреттің сілтемесіне қара.